Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №47"
Управления образования города Алматы
Директор:
+7(727) 254-88-79
Бухгалтер:
+7(727) 390-12-14
eOtinish.kz
версия для
слабовидящих
ҚР-ның Тәуелсіздігіне 30 жыл
11
декабрь
2021
ҚР-ның Тәуелсіздігіне 30 жыл
Алматы қаласы "Оқушылар сарайы" Туристік-өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Алматы - тәуелсіздіктің алтын бесігі" атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн олимпиадасына қатысып "Портреттер сөйлейді" номинациясы бойынша  жүлделі ІІ орынды 8 "Ә" сынып оқушысы Нұрсұлтанова Айдана иеленді.  
"САПТЫҚ  ӘН БАЙҚАУЫ"
09
декабрь
2021
"САПТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ"
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "АЗАТТЫҚ ЖЫРЫ" атты тақырыпта, Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н.Т.Жұмаділовтің ұйымдастыруымен 7,8,9,10,11- сынып оқушылары арасында саптық ән байқауы болып өтті. Байқауда жеңіске жеткен сыныптар мақтау грамотасымен марапатталды.  
Балаларға арналған "АҚБОТА" олимпиадасы.
08
декабрь
2021
Балаларға арналған "АҚБОТА" олимпиадасы.
Жалпы білім беретін мектептерге арналған "АҚБОТА" зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары:  
Кәсіптік бағыт бағдар
03
декабрь
2021
Кәсіптік бағыт бағдар
9,11-сынып оқушыларына кәсіптік бағыт бағдар беру мақсатында Алматы қаласы оқу орындарынан арнайы мамандар келіп, мамандық түрлерімен таныстырды.  
"Балаға құқығы-адам құқығы"
25
ноябрь
2021
"Балаға құқығы-адам құқығы"
"Бала құқығы-адам құқығы"   Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес 2021 жылғы  20 қазан-20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы-адам құқығы" атты республикалық айлық өтуіне орай мектеп инспекторы Н.Б. Кумисбаева мен оқушылар арасында кездесу болып өтті.  Мақсаты:оқушыларға бала құқығы туралы түсінік беру. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауабын алды.  
23 қараша "Жалпыадамзаттық құндылықтар күні"
23
ноябрь
2021
23 қараша "Жалпыадамзаттық құндылықтар күні"
«Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» атты тақырыпта сынып сағаты, тәрбие сағаты болып өтті.          Мақсаты: – «бақытты өмір» ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету. Міндеттері: мұғалімнің ұсынған және оқушылардың өмірлік тәжірибесінен алынған материалдарды талдау негізінде «бақытты өмір» ұғымының мәні мен мазмұнын ашу; шығармашылық және жобалық іс-әрекеттер барысында жеке өмірлік ұстанымдарды көрсете білу
Ж.Жабаев
21
сентябрь
2021
Ж.Жабаев
 22 қыркүйек тілдер күніне орай, Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату мақсатында 7 «Ә» сынып оқушылары,  ақынның өлеңдерін оқып, өзара ой бөлісті. Мақсаты: оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын бағалай білуге ұғындыру,үйрету.    
Біздің мақтанышымыз!
12
май
2021
Біздің мақтанышымыз!
4 "А" сынып оқушысы Сембаева Айдана "Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы" мерейтойына арналған көркем гимнастикадан ОНЛАЙН форматта өткен Түркістан облысының ашық чемпионатында ІІ орын алғаны үшін марапатталды.  
Қалалық байқау
11
май
2021
Қалалық байқау
Оқушылар сарайында өткен, "Менің Отаным - менің бастамам" қалалық шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары: 9 "Ә" сынып оқушысы Еркенбеков Дәулет, 5 "Ә" сынып оқушысы Тұрақты Аяулым, жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Омарова Аида.  
Ұлы Жеңіске 76 жыл
08
май
2021
Ұлы Жеңіске 76 жыл
9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне байланысты оқушыларымыз суреттер салып, жылы лебіздерімен бөлісті.